Головкин Токио Олимпиадасына дейін Жапонияда жекпе-жек өткізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Токио Олимпиадасына дейін Жапонияда жекпе-жек өткізуі мүмкін © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) сол салмақта WBA "тұрақты" чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 KO) жекпе-жек өткізуге үміткерлер тізіміне енді. Бұл туралы жапон боксшысының шаруасымен айналысатын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


23 желтоқсанда Йокогамада (Жапония) Мурата канадалық Стивен Батлерді (28-2-1, 24 KO) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, титулын қорғап қалған. 

"Токио Олимпиадасының алдында мұнда "Канело" немесе Головкинді алып келіп, "Токио Доумда" Муратаға қарсы үлкен жекпе-жек өткіземіз деп үміттенеміз. Екі боксшы да Жапонияға қуана келетінін және Муратаға қарсы үлкен жекпе-жек өткізетінін айтты. Сол кездесуді ұйымдастырмақпын", - деді Арум. 

Айта кетсек, промоутер айтқан "Токио Доум" стадионына 55 мың көрермен сыйып кетеді. 

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы жекпе-жегін қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізіп, екі титул жеңіп алған. Енді боксшы 2020 жылы наурызда рингке оралуы мүмкін.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +26
Ақтау +30
Ақтөбе +32
Атырау +35
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +27
П
Павлодар +28
Петропавл +30
С
Семей +31
Т
Талдықорған +33
Тараз +35
Түркістан +30
О
Орал +30
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер