Головкин Уэйдпен жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

24 Наурыз 2016, 10:09
0
Головкин Уэйдпен жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті - © TomLoeffler1
© TomLoeffler1

Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс кеңесінің ережесіне сәйкес америкалық Доминик Уэйдпен жекпе-жегінен 30 күн бұрын салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, қазақстандық боксшының салмағы 74,4 келі болған. Ереже бойынша боксшыларға 79,8 келіге дейінгі салмақ рұқсат етіледі екен. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер Twitter әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, 33 жастағы қазақстандық боксшы мен 25 жастағы Уэйд арасындағы кездесу 23 сәуірде Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтеді. Бұл GGG үшін кәсіпқой бокстағы 35-ші жекпе-жек болмақшы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай