Головкин WBC әлем чемпионы белбеуі үшін болатын жекпе-жекті бір жыл күтеді

22 Қазан 2014, 12:19
0
Головкин WBC әлем чемпионы белбеуі үшін болатын жекпе-жекті бір жыл күтеді - Геннадий Головкин. ©yvision.kz
Геннадий Головкин. ©yvision.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBC әлем чемпионы белбеуіне таласу үшін кездесуді бір жылға жуық күтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

WBC версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Мигель Коттоға осы версия бойынша қазақстандық уақытша чемпион Геннадий Головкинмен кездесуінің алында ерікті түрде титулын қорғауға рұқсат етілді. Осылайша, пуэрторикалық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен кездесуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 18 қазан күні мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, WBA (Super) версиясы бойынша және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы чемпиондық титулдарын сақтап қалған болатын. Мұнымен қатар, боксшы WBC бойынша осы салмақтағы уақытша чемпиондығын жеңіп алды. Осылайша қазақстандық спортшы уақытынан бұрын аяқталған жеңістерінің санын 28-ге жеткізді, сонымен бірге әлемнің үздік нокаутшысы статусын жоғарылатып, P4P рейтингінде көтерілді. Мигель Котто болса, осы жылдың шілде айында аргентиналық боксшы Серхио Мартинесті мерзімінен бұрын тізе бүктіріп, әлем чемпионы титулын жеңіп алды. Бұл туралы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар. 

Геннадий Головкин осы кездесуден кейін әлемнің жеңілмеген ТОП-5 боксшылары қатарына кірді. Келесі кездесу 2015 жылдың ақпан айында Монакода болады. Рубиомен кездесуден қазақстандық өз мансап жолында тұңғыш рет ең көп гонорар алады - комиссия төлемінен соң ол 900 мың доллар табыс табады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай