Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкинді америкалық басылым 2014 жылдың боксшысы деп атады

01 Қаңтар 2015, 22:56
0
Геннадий Головкин. ©Hbo.com
Геннадий Головкин. ©Hbo.com

Бокстан орта салмақта WBA, IBO және WBC версиялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді Yahoo Sports америкалық порталының оқырмандары 2014 жылдың боксшысы деп атады.

Үздіктерге дауыс беруде жерлесіміз филиппин Мэнни Пакьяо, пуэрторикалық Мигель Котто, жапон Наоя Иноуэ, америкалық Теренс Кроуфорд және никарагуалық Роман Гонсалес сияқты белгілі боксшылардың алдын орап кетті. 

Басылым Головкиннің өткен жылы үш кездесу өткізіп, оларды уақытынан бұрын аяқтағанын ескертті. 1 ақпанда ол Осуман Адамды (жетінші раундта), 27 шілдеде Дэниэл Гилды (үшінші раундта) және 19 қазанда екінші раундта Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсірді. 

Сонымен қатар, портал сыншылардың Головкиннің қорғанысы нашар екенін айтқанына қарамастан, үздік боксшылармен жұдырықтасқанын атап өтті. Yahoo Sports Головкиннің рингке шыққанда өз қарсыластарынан бір бас жоғары тұрғанын жазады. 

Осыған дейін Геннадий Головкин Boxingnews 24 басылымының тұжырымы бойынша жыл боксшысы атанған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай