Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Головкинді жекпе-жектен кейін жанкүйерлеріне жақындатпай қойған

18 Қазан 2015, 20:55
1

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинді канадалық Давид Лемьемен жекпе-жегінен кейін жанкүйерлеріне жақындатпай қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына Rumi Bekxosha деген қолданушы салды. Кездесу біткеннен кейін жанкүйерлер Головкиннен өздеріне жақындауды сұраған. "Гена. Бізге жақында, өтінеміз. Гена, Майқұдық, Қарағанды!", - деп айғалаған жанкүйерлер. Алайда Головкин бірнеше күзетшінің арасынан шығып келе алмай қалады. "Жігіттер, салам. Кешіріңдер, жібермей жатыр", - дейді Головкин.

Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 18 қазанда таңғы уақытта Нью-Йоркте өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин Лемьеден IBF титулын тартып алды. Ол жеңістер сериясын 21-ге дейін созып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай