07 ақпан 2018 16:27

Головкинді нокаутқа түсіремін - "Канело"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© latimes.com © latimes.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өтетін екінші жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтайтынына сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өтетін екінші жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтайтынына сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда төрешілерге жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтінін, яғни кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile Arena аренасында кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

"Барлығы да бірінші жекпе-жекте не болғанын біледі. Мен өзімнің жеңіске жеткеніме толық сенімдімін, алайда төрешілер тең баға берді. Сол себепті де екінші жекпе-жек қызықты әрі маңызды болмақшы. Бұл жолы төрешілер ұпай санап отырмайды. Мен бұл жолы кездесуді нокаутпен аяқтаймын және мен оған дайынмын. Мен ең мықты қалпымда боламын. Мен ең керемет жекпе-жек көрсетуге дайынмын, өз жеңісіме толық сенімдімін. Екінші кездесу біріншіге қарағанда таңғажайып болады", - деді "Канело" ESPN Deportes порталына берген сұхбатында. 

Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін - Сауль Альварес

"Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін. Бірақ екінші жекпе-жектің қалай аяқталатынын көру керек. Бірінші жекпе-жектен соң Головкинмен бірталай келіссөз жүргізілді, міне, шаршы алаңда қайта жүздесетін болдық. Көрерменге осы кездесу ұнайды деп сенемін", - деді Альварес BoxingScene басылымына. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети