Рой Джонс GGG - "Канело" жекпе-жегі жайлы: Жанкүйерлер нағыз жеңімпазды көргісі келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рой Джонс GGG - "Канело" жекпе-жегі жайлы: Жанкүйерлер нағыз жеңімпазды көргісі келеді Рой Джонс. © boxingscene.com

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонс WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Төрелікке қарамастан, тамаша жекпе-жек болды. Тіпті судьяның өзі мықты екі кәсіпқой боксшының кездесуіне кедергі бола алмады. Олар біз күткеннен жақсы жұдырықтасты", - дейді ол.

"Біз "Канело" жұдырықтасады деп күттік, бірақ ол бұл жекпе-жекте шабылып қалды. Головкиннен де соны күттік, көше төбелесін жасайды деп ойладым, бірақ жоқ, ол онда боксшы болды. Меніңше, GGG 1-2-ші раундтарда жеңіп тастау керек еді. Бірақ мен, бокссүйер адам ретінде, тең есепке қуандым. Нағыз жанкүйерлер нағыз жеңімпазды көргісі келеді", - деді Джонс.

Головкин мен Альварес 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездеседі. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +21
П
Павлодар +21
Петропавл +25
С
Семей +27
Т
Талдықорған +29
Тараз +26
Түркістан +24
О
Орал +24
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер