27 наурыз 2018 12:37

Головкинге 5 мамырдағы жекпе-жекке қосалқы жоспар ретінде "Канелоның" бауыры ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал WorldBoxingNews.net порталы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) допинг сынамасынан өте алмауына байланысты 5 мамырда орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекте мексикалықтың орнына шығуы мүмкін боксшылардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Танымал WorldBoxingNews.net порталы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) допинг сынамасынан өте алмауына байланысты 5 мамырда орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекте мексикалықтың орнына шығуы мүмкін боксшылардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварес жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталған. Екі бірдей сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған. Мексикалықтың командасы бұл жағдайды боксшының ағзасына бұл препарат желінген еттен енген дегенді айтып, түсіндірген. Ал Невада штатының Атлеттер комиссиясы Альваресті жекпе-жектерден уақытша шектеген. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығарылады. Ал Головкинмен жекпе-жегі 5 мамырға белгіленген.

Осыған дейін, Головкиннің промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшының 5 мамырда Альвареске қандай шешім шығарылғанына қарамастан шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді. 

Альварестің орнына бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) шығуға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Джермалл Чарлода (26-0, 20 КО) қазақстандық боксшымен шаршы алаңда жұдырық түйістіруден дәмелі екенін айтты. 

WorldBoxingNews Головкинге бірнеше қарсылас ұсынды. Тізімде ресейлік Матвей Коробов, украиналық Сергей Деревянченко, мексикалық Хулио Сезар Чавес, Роберто Гарсия және Рамон Альварес (Канелоның бауыры), сонымен қатар жапониялық Риота Мурата да бар. 

Бұл тізімге осы салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс кірмеді, себебі ол қолының жарақатын байланысты Мартин Мюрреймен өтуі тиіс жекпе-жекті кейінге қалдырған еді. 

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланған.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети