03 қараша 2014 13:15

Головкиннен жеңілген соң Рубио промоутерсіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Рубионың жекпе-жегі 19 қазанда АҚШ-та өтті. ©Vk.com Головкин мен Рубионың жекпе-жегі 19 қазанда АҚШ-та өтті. ©Vk.com

Марко Антонио Рубионың промоутері Реджинальдо Кучле мексикалықтың Головкиннен жеңілісі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, қазақстандықтан алған нокауты оның жиіркенішін туғызды. Жеңілістің өзін Кучле масқара деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Геннадий Головкин Рубионы 19 қазанда нокаутқа түсірген болатын.


Марко Антонио Рубионың промоутері Реджинальдо Кучле мексикалықтың Головкиннен жеңілісі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, қазақстандықтан алған нокауты оның жиіркенішін туғызды. Жеңілістің өзін Кучле масқара деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Геннадий Головкин Рубионы 19 қазанда нокаутқа түсірген болатын.

"Рубио масқара болды. Осылайша жеңілуі... Ол екінші раундта нокаутқа түсердей соққы болмаса да құлады. Бұл Рубионың аянышты мақтанышы болды. Біз оған үміттендік. Ол жеңілгенде біз не істерімізді білмедік. Рубио жанкүйерлердің көңіл-күйін түсірді. Ол енді бізбен ештеңе істей алмайды. Бізде мұндай адамдарға орын жоқ", - деді Реджинальдо Кучле. Бұл жайында толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, WBA (Super) және IBO версиялары бойынша орта салмақта әлем чемпионы титулы (Геннадий Головкин) мен осы салмақтағы WBC уақытша титулы (Рубио) тігілген жекпе-жек Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтті. Головкин оны екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. 

Жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин өзінде үш белбеу барын және кіммен болса да жұдырықтасатынын мәлімдеді. "Рубиомен болған жекпе-жек маған ұнады, мен одан ләззат алдым. Бірінші раундта мен қарсыласыма соққы бермей, сілкілеп алдым. Үздік жұдырықтасуымды Мигель Коттомен өткізгім келеді. Ол ұлы спортшы. Сонымен бірге, мен Канеломен және Чавес-кішімен жұдырықтасуға дайынмын. Бұл Лос-Анджелестегі бірінші жекпе-жегім болды, жанкүйерлеріме қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын", - деп мәлімдеді Головкин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети