11 қазан 2017 09:57

"Головкиннен қашып жүрсің!". Фанаттар Мейвезердің көлігін тоқтатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Флойд Мейвезер © Jeff Bottari/Zuffa LLC/Getty Images Флойд Мейвезер © Jeff Bottari/Zuffa LLC/Getty Images

Бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық босшы Флойд Мейвезер фанаттардың ортасында қалып қойып, Геннадий Головкиннен қашып жүр деген айыптауларды тыңдауға мәжбүр болды, - деп хабарлайды TMZ Sports.


Бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық босшы Флойд Мейвезер фанаттардың ортасында қалып қойып, Геннадий Головкиннен қашып жүр деген айыптауларды тыңдауға мәжбүр болды, - деп хабарлайды TMZ Sports.

Оқиға Нью-Йоркте болған, Мейвезер "Нью-Йорк Никс" клубының маусым алдындағы ойынына келген. Шығаберісте фанаттар Мейвезердің көлігін қоршап алып, америкалық боксшының Головкиннен қашып жүргенін және қазақстандықпен жұдырықтасудан қорқып жүр деп айыптап, айғайлаған. 

"Мен Головкиннен қорыққан жоқпын", - деп жауап қайтарды Мейвезер, сонымен қатар ол өзінің зейнеткерлікке шыққанына қуанышты екенін жеткізді. 

Осыған дейін де Флойд Головкин үшін спортқа қайтып келмейтінін жеткізген еді.

40 жастағы Мейвезер 26 тамызда Конор МакГрегормен өткен жекпе-жектен соң спорттан кететіні жайлы ресми түрде жариялады. Осылайша Мейвезер 50-ші жеңісіне қол жеткізіп, бірде бір рет жеңіліп көрмегей Рокки Марчианоның рекордын жаңартты. Ол 1947-1955 жылдары аралығында 49 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңді.

Головкин бірнеше рет Мейвезермен жұдырықтасқысы келетінін жеткізді. Қазақстандық боксшы америкалықтың салмағына түсетіні туралы да айтқан еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети