10 шілде 2017 09:52

Головкиннің бапкері "Канелоның" соққысы күшті дегенге сенбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) соққысы мығым дегенге сенбейтінін айтты.


WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) соққысы мығым дегенге сенбейтінін айтты.

"Чавес пен Коттоға зақым келтіре алмасаңыз, 400 кездесу өткізіп, зақым алмаған Головкин жайлы не айтуға болады?", - деді Санчес ESPN Deportes арнасына берген сұхбатында. - Головкиннің соққысы "Канелоға" тым ауыр болатынын сезіп отырмын. Triple-G жеңеді, бірден нокаутқа түсірмесе де, соңғы раундтарда құлатады".

Бұған дейін қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Головкин қартайды дейтіндерді таңғалдыруға уәде берген еді. Мұндай пікірлер қазақстандықтың америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңген кезінде айтыла бастаған болатын. Бұл жекпе-жекте қазақстандық тұңғыш рет рингте 12 раунд бойы жұдырықтасты. 

Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. АҚШ-тағы кездесу ақылы трансляциялар жүйесі арқылы HBO телеарнасынан көрсетіледі. Бұл жекпе-жекте Головкин WBA (Super), IBF және IBO титулдарын қорғап қалуға тырысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети