Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкиннің бұрынғы бапкері неге реваншта Канело жеңгенін айтты 06 сәуір 2022, 09:01

Орта салмақтағы IBF, IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес мексикалық Сауль Канело Альвареспен
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: vk.com/ggolovkin Фото: vk.com/ggolovkin

Орта салмақтағы IBF, IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес мексикалық Сауль Канело Альвареспен (57-1-2, 39 КО) екінші жекпе-жекте қазақстандық боксшыдан не күткенін айтты. Бұл туралы "Чемпионат" BoxingScene сайтына сілтеме жасап жазды.

Жекпе-жек 2018 жылдың қыркүйегінде өткен еді, төрешілер жеңісті мексикалыққа берді. Санчес ақтық шешім қалай қабылданғанын айтты. 

"Канело физикалық тұрғыдан да, ақыл-ой жағынан да өте мықты. Ол сені көздесе, басқа жауынгерге айналады. Бірінші жекпе-жекте Головкин мен қалағандай төбелесті. Ол рингке шығып, айқасты. Екінші жекпе-жекте боксшы болып, шеберлікпен жеңгісі келді. 

Төреші сенің артқа шегініп бара жатқаныңды көргенде, ол саналы түрде қарсылас сені ұрып жатыр деп ойлай бастайды. Менің ойымша, мұндай жағдай екінші жекпе-жектің төртінші раундында болды. Мен Геннадийге "Сен бұл жігітпен бокстаспа, онымен айқасуың керек" деп айғайладым. Менің ойымша, ол бәріне бокс техникасы жағынан үздік екенін дәлелдегісі келді", - деді Санчес.

Айта кетейік, Головкиннің Канеломен трилогиясы 2022 жылдың 17 қыркүйегіне белгіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті