23 маусым 2017 16:53

Головкиннің жанында Абель Санчес неге көрінбейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA, WBCпен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің келесі қарсыласы - мексикалық боксшы Сауль Альвареспен бірге пресс-турды аяқтап, Лондон, Нью-Йорк пен Лос-Анжелесте баспасөз мәслихаттарын өткізді. Алайда осы жолы оның жанында бапкері Абель Санчес көрінбеді. Жанкүйерлер арасында оның "Канелоның" командасына ауысып кеткені туралы әңгіме тарай бастады.

"Жоқ, мен "Канелоның" командасына ауысқан жоқпын. Қызық, бірақ ол өсек-аяндар шындыққа келмейді. Мен үшін кері шегінудің қажеті қанша? Геннадийдің пресс-туры менің ұлымның тойымен тұспа-тұс келді. Қазір мен сонда жүрмін. Гавай аралдарынан бірнеше аптадан кейін ораламын. Сол кезде біз алдағы жекпе-жекке дайындық жұмыстарын бастаймыз", - деді Абель Санчес Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети