17 наурыз 2021 09:38

Головкиннің жолын қайталай алатын қазақстандық боксшылар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Boxingscene.com шолушысы Элиот Фостер орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жолын қайталай алатын қазақстандық кәсіпқой боксшыларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Boxingscene.com шолушысы Элиот Фостер орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жолын қайталай алатын қазақстандық кәсіпқой боксшыларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Элиот Фостер қазақстандық үш боксшыны атады.

"Осы жылы мен келешегі бар үш қазақстандық боксшының карьрасы дамығанын көргім келеді. Менің ойымша, Бек Нұрмағамбет, Тұрсынбай Құлахмет пен Евгений Павловты мұқият бақылау керек. Олар жас әрі келбеті керемет. Басқа көптеген қазақстандыққа қарағанда, олар бірінші жекпе-жектен бастап адамдардың назарын аударып, титулдар жеңіп, рейтингтерде жетекші позицияларға шықты. Бектің қоржынында үш жекпе-жек бар, Құлахмет белбеуін қорғап жатыр, ал Павлов WBA топ-15 қатарына кіреді. Бұл жігіттермен қызықты эпизодтар көп болады. Головкин кеткеннен кейін олардың біреуі мұрагері бола алады", - деді Фостер.

Шолушы бұл боксшылардың әрқайсының "өзіндік ерекше қолтаңбасы бар" екенін атап өтті.

"Барлығынан жақсы болашақ көремін. Олардың әрқайсы әлем чемпионы бола алады. Олардың әуесқой карьерадағы өткені бар, олар жас, шыңға саяхаттауға қуаты толып тұр", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети