Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

30 Қазан 2018, 09:02
0
Головкиннің келесі қарсыласы анықталды -

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин кездесуін Ұлыбританияда өткізуі мүмкін, тіпті қарсыласын да таңдап қойды. Бұл туралы Behind The Gloves басылымына берген сұхбатында қазақстандықтың промоутері Том Леффлер айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, Головкиннің Британияда жұдырықтасатын боксшысы жоспар бойынша - екінші орта салмақтағы WBA (Super) чемпионы әрі (WBSS) Дүниежүзілік бокс суперсерсиясы бірінші маусымының жеңімпазы Каллум Смит болмақ. Ол турнир финалында Головкинмен спарринг-серіктес болған отандасы Джорд Гроувзды жеңген еді. 

Леффлер допинг тестілеуден өте алмаған Билли Джо Сондерспен орта салмақтағы WBO чемпион титулынан бас тартқанынан кейін жұдырықтасу мүмкіндігі азайғанын айтты. 

Соңғы жекпе-жегін 36 жастағы Головкин 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, барлық титулынан айырылған болатын. Бұдан кейін қазақстандық жапон боксшысы Риота Муратамен жұдырықтасуы мүмкін деген хабар тараған. Алайда ол америкалық Роб Брантқа есе жібергендіктен бұл хабарлар легі де тоқтап қалды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай