Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Головкиннің Мейвезерді жеңуге барлық мүмкіндігі бар - ESPN сарапшысы

08 Қыркүйек 2015, 14:45
0
© hbo.com
© hbo.com

ESPN телеарнасының сарапшысы әрі бокс саласындағы тілшісі Дэн Рафаэль орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің (33-0, 30 КО) америкалық Флойд Мейвезерді жеңуге барлық мүмкіндігінің бар екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мейвезерді жеңетін жігіт орта салмақтағы нағыз боксшы болуы керек. Оның Головкинмен жекпе-жегін көргісі келетін адамдар бар. Головкиннің бұл кездесуді қалайтынын бәріміз білеміз, Флойд болса бұған миллион жыл бойы келіспей жүретін сияқты. Міне, осындай жігіт Мейвезерді ұрып тастай алады", - деді сарапшы.

Сонымен қатар, ол Головкиннің денесінің үлкен екенін, күшті панчер екенін және жағының қатты екенін атап өтті. "Бокстағы шеберлігі өте жақсы және үлкен әуесқойлық тәжірибесі бар. Алайда бұл жекпе-жек ешқашан болмайтын шығар және бұл Мейвезердің ұлылығын көрсетеді", - деді Рафаэль.

Еске салайық, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай