"Головкиннің мықтылығы қазақстандық болғанында". Қайрат Боранбаев Генаны қолдау үшін Лас-Вегасқа келді

16 Қыркүйек 2017, 12:02
0
"Головкиннің мықтылығы қазақстандық болғанында". Қайрат Боранбаев Генаны қолдау үшін Лас-Вегасқа келді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

"Қайрат" ФК Бақылаушы кеңестің төрағасы Қайрат Боранбаев Лас-Вегастағы MGM Grand аренасының трибунасында тұрып, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық боксшыға қолдау білдірді. Vesti.kz порталына берген сұхбатында ол қазақстандық боксшыға оның жекпе-жегін көруге бұрыннан уәде бергенін айтады. 

Боранбаев Головкиннің жекпе-жегіне бірінші рет қатысып тұрғанын айтады. 

"Иә, бірінші рет келіп тұрмын. Оған бірнеше рет келемін деп уәде бергенмін. Міне, жиналдық та келдік. Мен біраз қонақтарды алып келдім, барлығы Генаны қолдайды, бір жерде ас іштік, содан бастап жігіттер Головкиннің үшінші жекпе-жекгіне келіп отыр. Бұрындары бір шаруалар шығып қалып, бару мүмкіндігі болмайтын", - дейді қайрат Боранбаев. 

Ол жекпе-жектен не күтетіні туралы айтты. "Әрине, Гена жеңеді! Біз Гена үшін! Қарсыласы да мықты, бірақ менің ойымша Гена былай-ақ та оның ім екенін біледі. Оның 100 пайызға дайын екенініне сенімдімін". 

- Сіздің ойыңызша Геннадидің мықтылығы неде?

- Оның мықтылығы қазақстандық болғанында. Қазақстандық бокстың үлкен дәстүрлері өзіндік үлесін қосты. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай