29 қазан 2018 11:37

Головкиннің промоутері: WBC "уақытша" чемпионымен жекпе-жек өткізудің мәні жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Golden Boy Сурет: Golden Boy

Орта салмақта (38-1-1, 34 КО) әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкиннің мүддесін қорғайтын промоутері Том Леффлер BoxingScene берген сұхбатында қазақстандық боксшы үшін ең тиімді нұсқаны ұсынды, - деп хабарлайды VRinge.com.


Орта салмақта (38-1-1, 34 КО) әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкиннің мүддесін қорғайтын промоутері Том Леффлер BoxingScene берген сұхбатында қазақстандық боксшы үшін ең тиімді нұсқаны ұсынды, - деп хабарлайды VRinge.com.

Қазір Головкин ешқандай келісімшартқа отырған жоқ, өйткені HBO телеарнасы осы жылдың соңында бокстан кетеді. DAZN стримингтік сервисі мен ESPN телеарнасы қазақстандық боксшыға қызығушылық танытып, оған бірге қызмет істеуге ұсыныс жасайтыны және олардың бәсекелесі Showtime-да ұсыныс білдіруі әбден мүмкін.

- Қазір Головкиннің күн тәртібі қандай?
- ESPN және DAZN әзірше нұсқа ретінде. Біз олардың екеуін де қарастырып отырмыз.

- Ал Джермалл Чарло ("уақытша" WBC чемпионы) және Showtime туралы не айтасыз?
- Жоқ. Чарлимен жекпе-жекке шығудың дым мағынасы жоқ. Жекпе-жек болмайды.

- DAZN стриминг сервисінде Головкин үшін ең үздік қарсыластарды даярлап қойған секілді.
- Біз ол жағын DAZN-мен шешеміз.

- Біз DAZN-ның бас директоры Джеймс Раштонмен сөйлескен кезде ол болашақ бокс мәмілелері Оскар Де Ла Хойя мен Эдди Хирн арқылы жасалатынын айтты.
- Олар Оскарды шақырса, мені де шақыра алады.

- Джеймс ерекше жағдайлар болғанын атап өтті. Себебін Оскар мен Эддидің арасында түсінбеушіліктер туындағанын және енді олар серіктестер екенін айтты. Сондай-ақ ол бокстың бизнес бөлігімен DAZN атқарушы директоры Джон Скиппер мен өзі емес, Оскар мен Эдди айналысқандарын қалайтынын мәлімдеді.
- Онда Головкин ESPN-да жұдырықтасуы мүмкін.

- Сонда кіммен жұдырықтасуы мүмкін? Оларда ешкім жоқ қой?! 
- Ол жағы маңызды емес. Көрермендер Головкинге ерекше қызығушылық танытуда. Егер DAZN Головкин оларда жұдырықтасуын қаласа, олар маған қоңырау шалуға мәжбүр. Ал маған айтыңызшы Альварес келесі жекпе-жекті кіммен өткізеді?

- Ол Джейкобспен біріккен жекпе-жек өткізе алады.
- Альварес Джейкобспен жекпе-жекке шықпайды.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин 15 қыркүйекте өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын жоғалтқан болатын. Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен бүгінгі өткен реваншта жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.

Головкиннің рингке қайта оралуы 2019 жылы жоспарланды. Осыған дейін GGG WBC-тен Альвареспен тағы бір қарымта жекпе-жек сұраған еді. Алайда, ұйым қазақстандықты Чарломен кездесуге міндеттеген еді. Сөйтіп америкалық боксшы өзіне басқа қарсылас тауып алғанын айтып, кері шегінуге келісті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети