20 қазан 2020 14:53

Головкиннің тағы бір міндетті қарсыласы пайда болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) IBF белбеуіне тағы бір міндетті қарсыласы пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz vRinge.com порталына сілтеме жасап.


Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) IBF белбеуіне тағы бір міндетті қарсыласы пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz vRinge.com порталына сілтеме жасап.

Спорт порталының мәліметінше, 14 қарашада Вольфсбург (Германия) қаласында неміс Патрик Войцицки (14-0-1, 5 КО) мен канадалық Патрис Вольни (15-0, 9 КО) арасындағы Sauerland Event компаниясы ұйымдастыратын жекпе-жек өтеді. Бұл боксшылар рейтингте төртінші және алтыншы орында тұр. Кездесуде жеңіске жеткен боксшы әлем чемпионымен кездесуге басты үміткер атануы мүмкін.  
 
Еске салайық, қазір Головкиннің IBF белбеуіне міндетті қарсыласы - Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Бірақ Головкиннің полшалық боксшымен кездесуі қашан өтетіні белгісіз. Кей мәлімет бойынша, кездесу қараша айында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Головкин IBF белбеуінен бөлек, IBO белбеуінің де иегері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети