08 сәуір 2022 13:20

"Гонорары - 12,3 миллион доллар". Головкин - Мурата жекпе-жегі туралы не білу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tom Loeffler ©Tom Loeffler

Бүгін қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин 40 жасқа толып жатыр. Ал ертең GGG 2020 жылдан бері алғаш рет рингке шығады. Головкин Жапония бокс жұлдызы Риота Муратамен жұдырықтасады. Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады. Tengrinews.kz тілшісі ертеңгі жекпе-жек туралы қызық деректер ұсынады.


Бүгін қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин 40 жасқа толып жатыр. Ал ертең GGG 2020 жылдан бері алғаш рет рингке шығады. Головкин Жапония бокс жұлдызы Риота Муратамен жұдырықтасады. Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады. Tengrinews.kz тілшісі ертеңгі жекпе-жек туралы қызық деректер ұсынады.

Жекпе-жекті қайдан және қашан көруге болады?

"Қазақстандықтарды жексенбіде таңатпай оятатын тек Головкин" деген әзіл бұл жолы болмайды. Себебі жекпе-жек ертең Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Жапония бізден үш сағат алда. Демек, Головкин рингке Қазақстан уақытымен ертең кешкісін шығады. 

Головкиннің бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден аса елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда). 

©instagram.com/gggboxing

Қазақстандық бокс жанкүйерлері бұл кешті тікелей эфирде тамашалай алады. Сайтама қаласында өтетін бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Жекпе-жектің трансляциясы 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де басталады.

Головкин мен Муратаның жекпе-жегі шамамен сағат 20.00-де басталады.

Боксшылардың гонорары қандай?

Шетелдік басылымдардың мәліметінше, Головкиннің бұл жекпе-жектегі кепілді жарнасы - 12,3 миллион доллар. Ал Муратаға 4,1 миллион доллар беріледі.

Бұл сома GGG-дің кейінгі жекпе-жегі гонорарынан көп.  Boxingscene.com мәліметінше, 2020 жылы желтоқсанда Головкин поляк Камил Шереметаны жеңген кезде оған кепілді гонорар ретінде 7 миллион доллар берілген. 

ESPN шолушысы Дэн Рафаэль мәліметінше, 2019 жылы украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқаны үшін Головкин кепілді гонорар ретінде 7,5 миллион доллар алған. 

Боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Геннадий Головкин мен Риота Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Екі боксшы да орта салмақтағы лимиттен асқан жоқ. Орта салмақ шегі - 160 фунт немесе шамамен 72,5 келі.

Боксшылар жекпе-жек алдында не деді?

Кеше Головкин мен Мурата баспасөз мәслихатын өткізді. Қарсыластар алғаш рет бетпе-бет кездесіп, алдағы жекпе-жек туралы айтты.

"Осы жерді дайындағандарға рақмет. Жапонияда болу мен үшін мақтан. Муратамен кездескеніме және титулдық жекпе-жек өткізетінімізге қуаныштымын. Муратаны құрметтеймін. Менің ойымша, екеуміз де жақсы дайындалдық, өйткені екеумізде де көп уақыт болды. Бұл жақсы жекпе-жек болады. Мен әлемдегі қиын жағдайға қарамастан, осы кездесуді ұйымдастырған промоутерлерге және үкіметке алғыс айтамын. Бұл үшін аянбай еңбек еткендердің үмітін ақтағым келеді", - деді Головкин. 

©twitter.com/GGGBoxing 

Мурата да жекпе-жек алдында ұйымдастырушыларға алғыс айтумен шектелді. 

"Бұл керемет кездесу және Головкинмен осында, Жапонияда жекпе-жек өткізу мүмкіндігі. Мен бұған қатысқандардың бәріне алғыс айтамын. Кездесу орнына келіңіз. Осыны ұйымдастырған және маған осы тамаша жекпе-жекті сыйлағандарға тағы да алғыс айтамын", - деді жапон боксшысы. 

Жекпе-жек нәтижесіне қатысты қандай болжамдар айтылды?

Сарапшылар бұл кездесуде Головкин жеңетініне сенімді. Көбі GGG жапон боксшысын нокаутқа түсіреді деп болжаған. 

"Головкин - жекпе-жектің айқын фавориті. Оған қатысты басты сұрақ - жасы. Кейінгі 30 жылда көптеген жекпе-жек өткізген боксшы қартаятынын мойындаған. Дегенмен ол жыл соңында Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуді қарастырып отыр. Біздің болжамымыз - Головкин Муратаны нокаутқа түсіреді", - деп жазады Sportskeeda.com порталы. 

Экс-чемпион, қазір бокс шолушысы болып жүрген Тони Беллью де осындай пікірде. 

"Мурата туралы не айта аламын? Әуесқойда мықты болды, Олимпиада чемпионы, бірақ кәсіпқой бокста ештеңе дәлелдей алмады. Головкинді жеңетіндей әлі ештеңе көрсетпеді. Сондықтан одан жеңіс күтпеймін. Егер Головкин "Канеломен" жекпе-жектердегідей әлі қауқарлы болса, Муратаны жайпап өтеді", - деді ол. 

Головкиннің өзі де нокаутпен жеңемін деп отыр. 

"Жапония мен кәсіпқой бокста жұдырықтасқалы отырған тоғызыншы ел болмақ. Мүмкіндігінше, әлем чемпиондары бүкіл әлемде жекпе-жек өткізуі керек деп ойлаймын. Жапон боксының жанкүйерлері керемет, бұл ұмытылмас тәжірибе болады. Ал егер бұл сізді ынталандырмаса, онда оның мәні неде?

Артымда қалдырған ізім үшін мақтанамын. Бұл өмір бойы қажырлы еңбек пен тәртіптің көрінісі. Бұл жекпе-жек стилі маған ыңғайлы. Рингке екі боксшы шыққанда, әдетте стильдер қақтығысы болады. Нокаутпен жеңемін деп батыл болжам жасаймын. Жапон жанкүйерлерінің көңілін қалдырмау үшін бар күшімді саламын", - деген еді таяуда Головкин JiJi Press-ке берген сұхбатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети