HBO сарапшысы Головкин мен Джейкобстың мықты тұстарын атады

28 Ақпан 2017, 09:25
0
HBO сарапшысы Головкин мен Джейкобстың мықты тұстарын атады - © boxingscene.com
© boxingscene.com

HBO телеарнасының сарапшысы Харольд Ледерман WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион америкалық Даниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл бүгінде орта салмақтағы екі мықты боксшылардың жекпе-жегі болмақ. Головкин еш күмәнсіз әлем бойынша орта салмақтағы боксшылардың ең мықтысы. Ол орта салмақтағы барлық титулды жеңіп алды. Головкиннің жұдырығы ерекше. Сондай-ақ, ол өзінің кәсіпқой және әуесқой бокстағы мансабында бір де бір рет нокдаунға түскен емес. Ол 300-ден аса кездесу өткізген. Головкин тамаша боксшы. Көпшілігі оны қазіргі уақытта әлемдегі бірінші боксшы деп санайды", - деді Ледерман.

Ал Джейкобс, сарапшының айтуынша, жақсы боксшы. "Ол барлығына өзінің мықтылығының соншалықты күшті екенін тіпті ісікті жеңіп шыққанын айтқан болатын. Оның айтуынша, енді оны рингте ешкім де ұрып-соға алмайды. Дэннидің қолы ұзын, ол жұдырықтаса алады. Ол расында жақсы қимылдайды, соққыға да жақсы жығады. Сондықтан бұл жекпе-жек орта салмақтағы үздік боксшылардың кездесуі болмақ", - деді Ледерман.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай