Иван Дычко әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды

16 Қазан 2015, 00:10
0
Иван Дычко әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды - © Vesti.kz. Жигер Абенов
© Vesti.kz. Жигер Абенов

Иван Дычко Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Финалдық кездесуде қазақстандық француз боксшысы Тони Йокамен кездесті.

Айта кетейік, 25 жастағы Дычко осыған дейін Бакуде 2011 жылы өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер, ал Алматыда 2013 жылы өткен чемпионатта күміс жүлдегер атанған болатын.  

Осылайша, қазақстандық боксшылар Дохадағы әлем чемпионатын екі күміс медальмен аяқтады. Қазақстан құрамасында сегіз адам қатысқан еді. Еске салайық, Катардағы әлем чемпионатында Данияр Елеусінов 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль алған болатын. Ол финалдық кездесуде Марокко елінен келген Мохаммад Рабииден жеңілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай