03 ақпан 2019 11:27

Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Мартинес жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәнібек Әлімханұлы. © David Spagnolo Жәнібек Әлімханұлы. © David Spagnolo

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық Стивен Мартинес жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық Стивен Мартинес жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық боксшыны нокаутқа түсірген қазақстандық боксшы жекпе-жектен соң өзіне қолдау білдірген жандарға алғыс білдірді. 

"Бесінші жекпе-жектеріңіз құтты болсын, қазақ елі. Бұл жекпе-жекке біраз дайындалдық. Өз өнерімізді көрсетіп жатырмыз. Америкалық жанкүйерлерге өзіміздің қазақтың бокс стилін көрсетіп жатырмыз. Барша қазақстандықтарға, экран алдында қолдау білдіріп отырған жанкүйерлерге алғысымды білдіремін және Qazaqstan және Qazsport арналарына рақметімді айтамын", - деді боксшы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жеңістеріңіз құтты болсын, Қазақ елі! #QazaqStyle

Публикация от JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly)

Еске салайық, 25 жастағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық Стивен Мартинес болды. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында Фриско қаласында өтті. Кездесу бесінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.

Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсірді, сондай-ақ үшінші раундта төреші америкалыққа нокдаун санаған еді.

Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста ол Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Казахстанский средневес Алимханулы одержал первую победу нокаутом в США ⠀ 25-летний казахстанский средневес Жанибек Алимханулы одержал пятую победу на профессиональном ринге, сообщает @Vestikzgram. ⠀ Соперником казахстанского боксера стал 28-летний американец Стивен Мартинес. Поединок, рассчитанный на восемь раундов, состоялся во Фриско (штат Техас, США) и был завершен в пятой трехминутке. При этом в третьем раунде американцу был отсчитан нокдаун. ⠀ Для Алимханулы этот бой стал третьим в США и пятым в профи. Во всех своих поединках казахстанский боксер одержал победы, но до этого только дебютный бой он смог завершить досрочно. 28-летний Мартинес потерпел пятое поражение при 18-ти победах и первое досрочное. ⠀ Стоит отметить, что главным событием этого шоу станет бой-реванш между чемпионом WBO в полутяжелом весе колумбийцем Элейдером Альваресом (24-0, 12 КО) и россиянином Сергеем Ковалевым (32-3-1, 28 КО). ⠀ #KovalevAlvarez #AlvarezKovalev #boxing #АльваресКовалев #Ковалев #StormKrusher #Krusher #KrusherStorm #бокс #СергейКовалев #kazakhstan #казахстан #Alimkhanuly #Алимханулы #Qazaqstyle #vestikz

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети