30 қыркүйек 2021 10:57

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет:instagram.com/janibek_alimkhan Сурет:instagram.com/janibek_alimkhan

Орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегінің күні мен орны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегінің күні мен орны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Инсайдер Стив Кимнің айтуынша, Әлімханұлының кездесуі 5 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. Әзірге қарсыластың есімі айтылған жоқ.

Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы Микаэла Майер мен IBF белбеуінің иегері Майва Хамадуш кездесетін Top Rank бокс кешіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, Әлімханұлының кейінгі жекпе-жегі маусымда Лас-Вегаста өтті, ол АҚШ-тың бұрынғы чемпионы Роб Брантты жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети