15 тамыз 2016 17:34

Жанкүйер Альвареске: Қорқақ болма, Головкинмен жұдырықтас!

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sandiegouniontribune.com © sandiegouniontribune.com

Желіде белгісіз бір жанкүйердің екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестен (47-1-1, 33 КО) қазақстандық орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (35-0, 32 КО) қарсы жекпе-жекке шығуды талап еткен видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Желіде белгісіз бір жанкүйердің екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестен (47-1-1, 33 КО) қазақстандық орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (35-0, 32 КО) қарсы жекпе-жекке шығуды талап еткен видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Видеожазбада жанкүйердің Альварес пен оның промоутері Оскар Де Ла Хойяға айғайлап жатқанын байқауға болады. "Головкинмен жұдырықтас, қорқақ болма. Оскардың өзі Хопкинспен шыққан", - деп айғайлайды бокссүйер.

Видеожазбаның қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Алайда өткен демалыс күндері Мексикада "Канелоның" ағасы - Рамон Альварес жекпе-жекке шыққан болатын. Оның ағасы төрешілердің шешімімен әлемнің бұрынғы чемпионы Антонио Маргаритодан жеңіліп қалды. "Канело" осы кездесуге келіп, фанат оны сол жерден тапқан болуы мүмкін.

Еске салайық, осы жылы Альварестің Головкинмен кездесуге мүмкіндігі болды. 7 мамырда мексикалық WBC орта салмақтағы белбеуін абыроймен қорғап шыққан. Ол Әмір Ханды алтыншы раундта нокаутқа жіберді, осыдан кейін "Канелоның" командасы Головкиннің командасымен келіссөздер жүргізе бастаған.

Екі жақ келісіп, жекпе-жекті 24 мамыр күні ұйымдастыруы тиіс болған.19 мамырда мексикалық WBC белбеуінен өз еркімен бас тартқан болатын, алайда Головкиннің командасымен келіссөздер әлі де жүргізіліп жүр екен. Сол себепті қазақстандық орта салмақтағы беделді төрт титулдың үшеуін иеленді.

Golden Boy Promotions директоры Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 2017 жылы өтеді. Екі жақтың ауызша келісімі бар.

Бұл кездесуге дейін Головкин үш жекпе-жек өткізеді деп күтіледі. Қазақстандық 10 қыркүйекте Лондонда IBF жартылай орта салмақтағы чемпион Келл Брукпен кездеседі.

Альварес алаңға қыркүйекте оралады. Ол 17 күні Тұманды альбиондағы WBO сериясы бойынша бірінші орта салмақтағы чемпион Лиам Смитпен кездеседі.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети