Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Желіде Мұхаммед Әлидің соңғы түскен суреттері пайда болды

07 Маусым 2016, 09:08
0
© thesun.co
© thesun.co
© thesun.co.uk
© thesun.co.uk

Желіде Мұмхамед Әлидің соңғы түскен суреттері пайда болды, бұл суреттер боксшының екі ай бұрын түскен суреттері, - деп жазады The Sun

Суреттерді ағылшын фотографы Зенон Тексейра 2016 жылдың наурызында түсірген. Ол Аризона штатының Финикс қаласындағы боксшының үйіне спортшының отбасының шақыртуымен барған. Фотосессия боксшының 30 жылдан аса уақыт бойы Паркинсон ауруының белгілерін көрсетеді. Суретте Әли аңызға айналған жұдырығын қысып, көтереді. 

Бірнеше күн бұрын боксшының тыныс алуы қиындап, ауруханаға жеткізілген болатын. Сонымен қатар, дәрігерлер спортшының өлім аузында жатқанын хабарлап,кейін ол қайтыс болған еді. Боксшы 1980 жылдан бастап Паркинсон ауруымен ауырды. Спортшының қызының айтуынша, Мұхаммед Әлидің барлық органы істемей қалғаннан кейін жүрегі 30 минут бойы соғып тұрған. Хана Әли әлеуметтік желіде "мұндайды ешкім көрмеген" деп жазып, мұның рух пен жігердің нағыз дәлелі екенін айтты. 

Спортшының отбасының ресми өкілі аңызға айналған боксшымен қоштасу рәсімінің 10 маусымда Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында өтетінін хабарлады. "Жерлеу рәсімі Луисвиллде жұма күні өтеді, келемін деушілерге есік ашық", - деп келтіреді ресми өкілдің сөзін Reuters агенттігі.


© wlky.com/Reuters


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай