23 қыркүйек 2015 12:10

Жеңетініме сенімді болмасам жекпе-жекке келіспес едім - Лемье

ПОДЕЛИТЬСЯ

Давид Лемье. © courrierlaval.com Давид Лемье. © courrierlaval.com

IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы канадалық боксшы Давид Лемье қазақстандық Геннадий Головкинді жеңетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Vringe.com басылымына сілтеме жасап.


IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы канадалық боксшы Давид Лемье қазақстандық Геннадий Головкинді жеңетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Vringe.com басылымына сілтеме жасап.

"Мен Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын. Жалпы, жекпе-жекте жеңіске жететініме ешқандай күмән жоқ. Күмән болса мен бұл кездесуге келісімімді бермейтін едім. Менің соңғы рет болған Н'Жикаммен кездесуім мені GGG-ге қарсы тұруыма жақсы дайындады деп есептеймін. Ол титулды жекпе-жек болды, жоғары деңгейде, психологиялық прессингке қарамастан мен керемет ойын көрсеттім", - деді ол.

Оның ойынша, Головкинмен кездесу оны ілгерілете түседі және ол өзін қазақстандық боксшыны жеңетін адам деп есептейді.

"Менде жеңіске қол жеткізуге қажеттінің барлығы бар: функционалдық, икем, күш, табандылық және жалпы талпыныс", - деп келтірді Лемьенің сөзін BoxingScene.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети