14 тамыз 2019 15:16

Жеңілмеген қазақстандық боксшы WBA, WBO және IBF титулдарын иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Жаңабаев. Фотоны боксшының командасы ұсынды Нұрсұлтан Жаңабаев. Фотоны боксшының командасы ұсынды

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5 КО) аустралиялық Стив Гагоны (11-0, 4 КО) жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундқа есептелген жекпе-жек 14 тамызда Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында өткен. Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді. 

Осылайша, 26 жастағы қазақстандық боксшы сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (бесеуі нокаут).

Айта кетсек, Жаңабаев Аустралияда алғаш рет жұдырықтасты - бұған дейін ол Қазақстан мен Қытайда екі реттен және Ресейде үш жекпе-жек өткізген.

Жаңабаевтан кейін рингке тағы бір қазақстандық боксшы - Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) шығады. Оның қарсыласы аустралиялық Рокки Джеркич (17-1, 13 КО). Он раундтан тұратын бұл жекпе-жекке екінші орта салмақтағы WBA International белбеуі тігіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети