07 қыркүйек 2020 14:50

Жеңіліп көрмеген қазақстандық сенсация жасаған боксшымен жекпе-жекке шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов келесі жекпе-жегін 9 қыркүйекте Дубайда өтетін Rotunda Rumble IV шоуында ұлыбританиялық Макси Хьюзбен өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов келесі жекпе-жегін 9 қыркүйекте Дубайда өтетін Rotunda Rumble IV шоуында ұлыбританиялық Макси Хьюзбен өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшыға тиесілі жеңіл салмақта WBC International титулы сарапқа салынады. 

Спорт порталының мәліметінше, тамызда ұлыбританиялық боксшы IBF титулына үміткер болған ирландиялық Джон Кэроллды жеңіп, сенсация жасаған. Proboxingodds.com мәліметінше, Хьюздің жеңісіне 11, ал Кэроллдікіне - 1,04 көрсеткішімен бәс тігілген екен. 

Коточигов та кейінгі жекпе-жегін тамызда өткізіп, беларуссиялық Андей Исаевты үшінші раундта нокаутпен жеңген. Сондай-ақ, Коточигов 11 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен (бес нокаут) және WBC International титулына ие.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети