Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен ағылшын Крис Юбенктің (23-1, 18 КО) жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

UCNLive журналисі Стив Кимның мәліметінше, бұл жекпе-жек 27 тамызда немесе 3 қыркүйекте болады. "Том Леффлердің (Головкиннің промоутері) айтуынша, ол Головкин-Юбенк жекпе-жегі мәселесімен айналысып жатыр", - деп жазды Ким Twitter желісінде.
Осыған дейін ағылшын боксшысының промоутері Эдди Хирн Юбенк-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру мәселесін үш күн ішінде шешуге үміттеніп отырғанын айтқан еді. Оның айтуынша, жекпе-жекті Лондонда 23 мың көрерменге арналған O2 Arena аренасында өткізу қолайлы.
Ал Юбенк пен оның әкесі Головкинге қатысты мәлімдемелер жасап жүр. Мәселен, Крис Юбенк (23-1, 18 КО) отандасы Том Доранды (17-1, 7 КО) төртінші раундта жеңгеннен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырса, оның әкесінің айтуынша, оның ұлы жылдымдығы арқылы Головкинді жеңе алады.