10 мамыр 2017 20:21

Жылқыны жақсы көретін жігіт немесе "Канело" неге қауіпті қарсылас саналады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 16 қыркүйекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 26 жастағы мексикалық былғары қолғап шебері Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 2017 жылдың үздік кездесуі болуы мүмкін. Осы орайда Vesti.kz порталы отандасымыздың қарсыласы "Канело" туралы қалам тербеп көруді жөн көрген екен.


Биыл 16 қыркүйекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 26 жастағы мексикалық былғары қолғап шебері Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 2017 жылдың үздік кездесуі болуы мүмкін. Осы орайда Vesti.kz порталы отандасымыздың қарсыласы "Канело" туралы қалам тербеп көруді жөн көрген екен.

Көптен күткен сәт. Бірнеше жыл бойы ауызша айтылып жүрген әңгіме шындыққа ұласты. Қазіргі уақыттағы әлемнің ең үздік боксшылары шаршы алаңға шығып, кім мықтыны анықтайды. Қазақ жанкүйерлері GGG жайлы мәліметті көп білетін болса, "Канело" біз үшін құпия боксшы. Дегенмен, мексикалық боксшының да өз ерекшеліктері бар. Енді соны тарқатып айтып көрсек.


© BoxingScene.com

Сауль Альварес Сантос Барраган көпшілікке Сауль "Канело" Альварес деген атпен танымал, 1990 жылы 18 шілдеде Сан-Агустин (Халиско) қаласында дүниеге келген. Ол Сантос Альварес пен Анна Мария Барраганның кенжесі. Сауль отбасында алты ағайынды. Ана Эльда, Даниэль Джованни, Хосе Рикардо, Гонсало, Виктор Альфонсо және Хуан Рамон деген ағалары мен әпкелері бар.


© Getty Images

Саульдің барлық ағасы спортпен шұғылданған. Бірақ отбасында "Канело" мен Ригоберто ғана бокста жақсы табысқа қол жеткізген. Ригоберто кәсіпқой бокстағы жолын 2000 жылы бастап, 12 жылдың ішінде 27 кездесу өткізіп, тек төртеуінде жеңіліс құшқан. Ол бірінші орта салмақта WBA уақытша чемпионы атанған. Ал осы белбеудің толыққанды чемпионы атағына талас жекпе-жегінде америкалық Остин Трауттан жеңіліп қалды. Араға екі жыл салғанда Сауль ағасының "кегін" алып, WBA және WBC чемпиондық белбеулерін жеңіп алды.

30 жастағы Рамон Альварес 24 жеңіс, алты жеңіліс тапқан және екі тең нәтижесі бар. 35 жастағы Рикардо Альварес 30 кездесу өткізген (24-3-3, 14 КО).


© enelbrasero.com

Ригоберто Барраган Саульдің тек ағасы ғана емес, бапкері де болған. 10 жасында ол ағасынан алғашқы бокс қолғаптарын сыйға алған. Одан бөлек, Ригоберто інісін сол уақыттан бері жаттықтыра бастады. Сауль не үшін боксқа барды? Ол ата жолын қуу үшін емес, өзін қорғау үшін барған.

Бала кезінде көршілері Саульді жиі мазақ ететін болған. Сондықтан ол өзін қорғау үшін бокс залына келген. "Канело" деген лақап атының шығу тарихы да қызық. Кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін менеджерлерінің бірі "Канелито" деп атай бастаған. Кейінірек ол "Канелоға" қысқартылды. "Канело" деген қазақша аударғанда "қоңыр" дегенді білдіреді. Лақап ат осылай келбетіне байланысты қойылған.


© Getty Images

Сауль Альварес кәсіпқой бокстағы бірінші қадамын 15 жасында бастайды. Өзінің кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде ол 18 жастағы отандасы Абрахам Гонсалестен айласын асырып, өзінің дара жолын бастайды.

Саульден Флойд Мейвезерді есептемегенде жеңілмеген боксшылардың ішінде мексикалық Хорхе Хуарес бар. 2006 жылдың 17 маусымында өткен кездесуде төрешілер тең деген нәтижені тіркеді. Қазір Альварестің еншісінде кәсіпқой бокста 51 жекпе-жек бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети