12 желтоқсан 2021 09:53

Қамшыбек Қоңқабаев Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын жеңді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өтіп жатқан MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ұлыбританиялық боксшы Стивен Уордпен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда өтіп жатқан MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ұлыбританиялық боксшы Стивен Уордпен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шараның басты кездесуі қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен ұлыбританиялық Стивен Уорд арасындағы жекпе-жек. Жеңіске WBA Gold бірінші ауыр салмақтағы титулы қойылды.

Жетінші раундта Уорд жарақат алып, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. Нәтижесінде төрешілер жазбасына жүгінуге тура келген. Коңқабаев бірауыздан жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Қоңқабаев үшін 2020 жылы Токиода өткен Олимпиададан кейінгі бірінші жекпе-жек болды, ол қола медаль жеңіп алған болатын. Енді оның еншісінде кәсіби рингте төрт жеңісі бар. Уорд үшін бұл екінші жеңіліс болды. Ол 13 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Сондай-ақ, бокс кешінде жеке кездесуде қазақстандық Сұлтан Зәуірбек ұлыбританиялық Райан Уилерді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, екінші жеңіл салмақтағы WBO European белбеуін қорғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети