17 қаңтар 2020 15:38

Қанат Ислам бапкерімен қоштасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Qazaq Promotions © Qazaq Promotions

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бапкері Багаудин Бековпен қош айтысты. Бұл туралы маманның өзі Vesti.kz тілшісіне айтып берді.


Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бапкері Багаудин Бековпен қош айтысты. Бұл туралы маманның өзі Vesti.kz тілшісіне айтып берді.

"Өкінішке қарай, Қанатпен қызметімді тоқтатуыма тура келді. Уақытымның тығыздығы онымен жаттығуға көп уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді. Спорттық дайындық теориясы мен әдістемесі туралы дәріс оқу, сонымен бірге, фитнес-директор, қоғамдық бірлестік президенті болу және аты шыққан боксшыны жаттықтыруды қатар алып жүру мүмкін болмай кетті. Ең көп уақыт соңғысына кетеді. Осы себепті командасынан кетуіме тура келді", - дейді Беков.

Айта кетейік, Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке жаттықтырған - доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) маусымда және намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) қазанда.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети