08 тамыз 2014 11:13

Қанат Ислам колумбиялық қарсыласын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. ©aynaline.kz Қанат Ислам. ©aynaline.kz

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам өзінің кәсіпқой бокстағы 18-жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам өзінің кәсіпқой бокстағы 18-жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзінің кезекті жекпе-жегін Колумбияның Барранкильяда қаласында жергілікті боксшы Фидель Монтерросқа қарсы өткізген Қанат, кездесудің бесінші раундында жеңіске жетті. 

Бірінші раундта Фидель ширақ қимылдап, жерлесімізден басымдау түскен еді. Алайда, екінші кезеңнен бастап Қанат жекпе-жек тізгінін қолына алды. Әсіресе, Қанаттың сол қолымен бағыттаған соққылары жойқын шықты. Төртінші раундтан бастап Қанаттың соққыларына Монтерростың жауап қайтаратындай шамасы болмады. Ал бесінші кезеңнің 2 минут 50 секундында Фидель нокаут алды. Колумбиялық жігіттің жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмайтынын білген төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, бұл Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 18 кездесуі еді. Отандасымыз ол кездесулердің барлығында да жеңіске жеткен. Тіпті оның 15 жекпе-жегін ол уақытынан бұрын аяқтаған. Бұл жеңісінің арқасында Қанат Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде тағы да жоғарылауы мүмкін. Ол бүгінгі таңда WBA рейтингінің тоғызыншы сатысында. 

Еске салайық, Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. 2010 жылы ол Қазақстанға көшіп келген. Кейбір деректер бойынша, ол қазір Алматы облысының Қарасай ауданында тұрып жатыр.

Ол кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. Бұған дейін Қанат әуесқой бокста Қытай атынан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медаль алған еді. Елге оралған соң WSB сериясында өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" командасының намысын қорғады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети