06 сәуір 2017 11:41

"Канело" Головкин - Джейкобс жекпе-жегін пайдаланып жанкүйерлердің басын қатырып жүр - маман

ПОДЕЛИТЬСЯ

© imagenzac.com.mx © imagenzac.com.mx

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" сол кездесу туралы Головкиннен жаңа ештеңе көрмегенін және Джейкобстың сол кездесуде жеңімпаз болғанын айтады. Боксшының бапкері Эдди Рейносо да осы ойды қолдады. 

Алайда Эмброуздың айтуынша, "Канело" Головкиннің сәтсіз жұдырықтасуын пайдаланып, жанкүйерлердің басын қатырып тағы да жекпе-жектен сытылып кетпекші. Еске салайық, өткен жылы мексикалық боксшы Головкинмен жекпе-жектен бас тарту үшін WBC белбеуін бере салған болатын. 

"Канело" шын мәнінде Джейкобс сол кездесуде жеңіске жетті деп ойлайды ма, әлде ол өз жанкүйерлерінің қысымында қалмасы үшін осындай әрекетке барып отыр ма? Головкинмен шықпас үшін Джейкобстан жеңілген адаммен не үшін шығамын деп ақталған, әрине, тиімді. Бірақ барлық жанкүйер сол жекпе-жекті өз көздерімен көрді және Головкиннің таза жеңіске жеткенін біледі", - деді автор. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети