28 мамыр 2022 10:21

Канело Головкинмен жекпе-жек және Биволмен реванш туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/canelo © instagram/canelo

Екінші орта салмақтағы бокстан абсолют әлем чемпионы Сауль Альварес 17 қыркүйектегі қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші кездесуі оның жеке жекпе-жегі екенін және қарсыласқа деген жек көрушілік сезімі оның жақсы өнер көрсетуіне көмектесетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Allboxing сайтына сілтеме жасап. 

"Онымен жекпе-жек әрдайым жеке болатын. Бұл ешқайда кетпейді. Ол мен туралы сөйлеуді ешқашан тоқтатқан емес. Ал мен оның есімін айтқан емеспін. Сол үшін бұл үшінші жекпе-жекті одан да жеке етеді. Бұл мені одан да жақсы жаттығуға мәжбүр етеді. Мен тырысамын. Жеке өзім кейде мұндай жек көрушілік болғанда өзімді жақсы сезінемін", - деді Канело DAZN-ге берген сұхбатында.

31 жастағы мексикалықтың айтуынша, Головкинмен жекпе-жек үшін екінші орташа салмаққа оралуы оның жартылай ауыр салмақта чемпион атағын жеңуден және WBA чемпионы Дмитрий Биволдан кек алу ниетінен бас тартқаны емес. 

"Мен міндетті түрде тағы бақ сынап көремін. Жеңілгенді ұнатпаймын және мен өте табанды адаммын. Салмақ қосып, жартылай ауыр салмақта титул жеңіп алуға тырыстым, бірақ нәтиже болмады. Бірақ біз тағы да тырысып көреміз. Тек келесі жолы мен әлдеқайда жақсы физикалық формада боламын, 12 раундқа дайынмын. Екінші орта салмақта қолданғанымнан өзгеше стратегия болады. Бәрінен сабақ алуға болады. Мен жаңа нәрсені сынап көрдім, жұмыс істемеді, бірақ қазір бізде жаңа нұсқаулық бар", - деді Альварес.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети