29 желтоқсан 2020 10:42

Канело Головкинмен өтетін үшінші жекпе-жектің уақытын белгіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші орта салмақтағы WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес қашан рингке шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екінші орта салмақтағы WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес қашан рингке шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, 27 ақпанда Мексикада Канело WBC нұсқасы бойына әлем чемпионы атағын қорғайды. Ол Авни Йылдырыммен жұдырықтасады.

Егер Альварес жекпе-жекте жарақат алмаса, ол мамырда рингке қайта шығуы мүмкін. Кездесу "Синко де Майо" мерекесіне орайластырады.

BoxingNews24 шолушысы Дэн Эмброуздың айтуынша, мамырда Канело DAZN стриминг сервисімен Головкинмен 3 рет жұдырықтасу бойынша келісімге келген. Келісімнің 3 нұсқасы бар: қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізу, WBО чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен бірлескен жекпе-жекті немесе IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен қарсы кездесу өткізу.

Еске салайық, Головкин мен Канелоның алғашқы жекпе-жегі (2017 жылдың қыркүйегінде) тең нәтижемен аяқталған еді. Ал екінші кездесуде (2018 жылдың қыркүйегінде) мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети