20 желтоқсан 2017 10:03

"Канело" қарымта жекпе-жекке келісім берді. Промоутерлер Головкиннің жауабын күтіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Golden Boy Promotions © Golden Boy Promotions

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге келісім берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге келісім берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында енді Головкиннің командасының келісімін алу ғана қалғанын айтады. 

"Келісімге қол қоюға аз қалды. "Канело" жұдырықтасқысы келеді. Енді маңызды тұстарын шешіп алсақ болғаны. Басты мақсатымыз - қарымта жекпе-жек. Мұны Сауль де, дүйім жұрт та қалап отыр. Рождество қарсаңында келіссөздерді жандандырып, бір шешімге келерміз. Головкиннің өкілдерімен жұмыс істеп жатырмыз. Том Леффлер қазір Германияда. Ол Геннадиймен сөйлеседі, біз оның жауабын күтеміз", - дейді Гомес. 

Мұның алдында Том Леффлер қарымта жекпе-жекті 5 мамырда өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан еді. Әзірге жекпе-жектің өтетін жері белгісіз. 

Ал GBP промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя Головкин - "Канело" жекпе-жегі алғашқы кездесу болған Лас-Вегас қаласында өту керек деген ойда. Сонымен қатар, бұл жекпе-жекті Нью-Йорктегі Madison Square Garden және Техастағы AT&T Stadium қабылдауға дайын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети