09 желтоқсан 2021 10:54

Канело Мейвезердің сынына жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) бокс аңызы кіші Флойд Мейвезерге қатысты пікір білдірді. Ол жетістіктерін қызғанған Мейвезер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі сын пікір білдіруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы vRINGe.com сайты жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін америкалық Канелоны қорқақ деп атаған еді, сонымен қатар, 2013 жылы оның жеңісін "оңай жолмен келген" деді. Бұған жауап ретінде Альварес осы жасында Мейвезердің бүкіл карьерасындағыдан да көп жетістікке жеткенін айтты.

"Флойд Канелоның жетістіктерін қызғанады, себебі ол мысқылдап сөйлейді. Небәрі 31 жастағы Канело Флойдтың бүкіл карьерасынан асып түсті, ал ол рингке шығуды аяқтаған кезде Мейвезерден әлдеқайда алда болады", - делінген хабарламада.

Твиттерде Альварес пен Мейвезер арасындағы статистикалардың салыстырмалы кестесі бар. Мексикалықтардың ең маңызды және чемпиондық жекпе-жектерінің тізімінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) екі кездесу бар.

Альварес Флойдты жеңгеннен кейін бірде-бір жекпе-жектен ұтылған жоқ және көп ұзамай WBC титулының иегері Илунга Макабумен күресу үшін бесінші дивизионды бағындыруға барады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети