Канело-Сондерс жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды 03 ақпан 2021, 11:30

Екінші орта салмақтағы WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес пен осы дивизиондағы WBO белбеуінің иегері ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек өтетін уақыты белгілі болды. Америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, Канело мен Сондерс 8 мамырда жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, тараптар келісімге келді. Жекпе-жек DASN платформасында тікелей эфирде көрсетіледі. Бокс шоуының қай аренада өтетіні әлі белгісіз.
Канело бұл жекпе-жекке шығу үшін 27 ақпанда WBC белбеуіне міндетті үміткер түркиялық Авни Йылдырыммен жұдырықтасып, жарақатсыз, жеңуі қажет.
Айта кетейік, бұған дейін Альварес Matchroom Boxing басшысы ұлыбританиялық Эдди Хирнмен екі жекпе-жекке келісімшартқа қол қойған болатын. GGG үшінші жекпе-жегінде мексикалық файтермен шықса, бұл 2021 жылдың асыға күткен кездесуі болады деген болжам бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!