11 маусым 2017 17:12

"Канело" тәжірибе жинаған, бірақ біздің спаррингтен кейін аса қатты өзгеріс көргенім жоқ - Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болашақ қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) болған спаррингті есіне түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болашақ қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) болған спаррингті есіне түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Big Bear залында "Канелоны" бірінші рет көргенде мен оның кім екенін білетінмін. Golden Boy компаниясының басты үміті. Мен оны білдім, бірақ ол басқа оқиға. Ол кезде біздің арамызда жас мөлшері мен салмақта айырмашылықтар болды. Қазір оның тәжірибесі көп. 

Біз бірімізге-біріміз көмектестік. Бұл жекпе-жек немесе шын спаррингте болған жоқ, біз жәй жұдырықтастық. Мен оның жас әрі жылдам екенін білетінмін. Оның жұдырығының күші 154 фунтқа жарайды, бірақ 160 үшін емес. 

Оның соңғы жекпе-жегін көре отырып, оның тәжірибесі көбейгенін, ірі бола түскенін және мықты екенін аңғаруға болады. Бірақ мен оның қатты өзгере қойғанын сенбеймін. Мен қатты өзгерістер көрген жоқпын. Барлығыда менің және оның стилін біледі. Біз бірімізді-біріміз жақсы білеміз және жеңімпаздың нөиірі бір болатынын түсінеміз", - деді Головкин RingTV арнасына берген сұхбатында. 

2011 жылы Альварес GGG бапкері Абель Санческе тиесілі Биг Беар залында бірнеше уақыт өткізген. Сол кездері Головкин мен Альварес спаррингке шыққан. Ғаламторда әлі де сол жаттығулардың видеосы жарияланбаған, алайда осыны көрген куәгер спорт журналисі Дуглас Фишердің сөздері бар, оны мына жерден оқуға болады.

Айта кетейік, кеше екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети