07 қазан 2017 10:49

"Канеломен" спарринг өткізген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бобыржан Момынов. © boxrec.com Бобыржан Момынов. © boxrec.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов аргентиналық Леонардо Фабио Амитраномен Буэнос-Айресте жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов аргентиналық Леонардо Фабио Амитраномен Буэнос-Айресте жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, кездесуде қазақстандық басымдыққа ие болып, жекпе-жек алтыншы раундта аяқталған. Амитрано ауыр соққыдан есін жия алмағаннан кейін рефери матчты тоқтатқан. 

Осылайша Момынов кәсіпқой рингте төртінші кездесуін нокаутпен аяқтап отыр. Бұған дейінгі үш жекпе-жегін ол АҚШ-та өтікзген. Ал аргентиналық боксшы осымен екінші рет жеңіліске ұшырады. 

Айта кетейік, Момынов Сауль "Канело" Альварестің Геннадий Головкинмен жекпе-жегін қарсаңында жаттығу лагеріне қатысқан болатын. Боксшының өзі бұдан жақсы тәжірибе алғанын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети