1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Канеломен" үшінші рет жұдырықтасу неге маңызды екенін бәрі түсінеді - GGG

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші рет шаршы алаңда жұдырықтасатынына сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл жекпе-жекті барлығы да көргісі келеді. Бұл кездесудің болғанын қалаймын, бәрі де қалайды. "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасу неге маңызды екенін бәрі түсінеді. Біз осылай соңғы нүктені қояр едік", - деді Головкин баспасөз мәслихатында.

Боксшылар Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең түсті, ал бір жыл өте Альварес төрешілердің көпшілігінің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Головкин кәсіпқой спорттық мансабында бірінші рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айрылды.