18 қазан 2017 14:53

"Канелоның" промоутері көп күткен реванштың өтетін күнін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Golden Boy Promotions құрылтайшысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің келіссөздері қалай жүріп жатқаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды BoxingInsider.com.

Оның айтуынша, келіссөздер келесі жылдың бірінші жартысында басталады. Сонымен қатар, Де Ла Хойя екінші кездесудің қай күні өтуі мүмкін екеніне де тоқталды. 

"Екі боксшы да осыны қалайды, мен оларды көтергім келеді. Олар нағыз жекпе-жек көрсете алатынына сенімді, тартысты кездесу болары анық. Біз міндетті түрде Синко де Майо мерекесі болатын күнге және қыркүйекте "Канелоның" шаршы алаңға шыққанын қалап отырмыз. Ол маған жақсы мерзіммен жақсы жерлерді табуымды тапсырды", - деді Де Ла Хойя.

Головкин мен "Канело" жекпе-жегі 5 мамырда өтеді деп күтіледі. Алайда GBP президенті Эрик Гомес олардың жекпе-жегі осы мерзімнен ерте болуы да мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ Головкиннің командасы келіссөздер іске аспай қалған жағдайда басқа да кандидаттарды қарастырып отыр. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылған еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети