22 қазан 2019 09:44

Қарсыласы өзгерген Мадияр Әшкеев титул үшін жекпе-жектен қағылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/madiyar_ashkeyev_official © instagram.com/madiyar_ashkeyev_official

Бірінші орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (13-0, 6 КО) қарсыласы өзгерді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Бірінші орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (13-0, 6 КО) қарсыласы өзгерді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Басында қазақстандық боксшы 33 жастағы америкалық Клеотис Пендарвиспен (21-5-2, 9 КО) жұдырықтасады, боксшылар бірінші орта салмақта WBC (USNBC) тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы титулын сарапқа салады деп хабарланған. 

Енді BoxRec мәліметі бойынша, Әшкеев мексикалық Фернандо Кастанедамен жекпе-жек өткізеді. Мексикалық боксшының еншісінде 26 жеңіс (17 КО), 13 жеңіліс пен бір тең нәтиже бар. Он раундқа жоспарланған бұл кездесуде титул сарапқа салынар-салынбасы белгісіз, бұл туралы ешқандай ақпарат берілмеген. 

Жекпе-жек 9 қарашада Гавайан Гарденс (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өтеді. 

Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегін 5 шілдеде Алматыда өткізіп, украиналық Игорь Фаниянды төрешілер шешімімен жеңген. 

Ал Кастанеда рингке соңғы рет биыл ақпанда шыққан, сол кезде багамалық Туреано Джонсонмен (21-2-1, 15 КО) тең түскен. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети