20 наурыз 2019 09:37

"Қазақ стилінің не екенін көрсетемін". Әлімханұлы бірден екі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Боксшының командасы ұсынған сурет © Боксшының командасы ұсынған сурет

Орта салмақта жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) алғашқы титулды жекпе-жегіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) алғашқы титулды жекпе-жегіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық 25 жастағы спортшы 12 сәуірде Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасады. Әлімханұлының қарсыласы мексикалық 27 жастағы Кристиан Оливас (16-4, 13 КО).

Бұл жекпе-жек жеңімпазы бірден екі WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін тағады.

Мексикалықтарға қазақ бокс стилін көрсетеміз! - Қазақстандық боксшы Альваресті жекпе-жекке шақырды

"Бадди Макгиртпен барымды салып жаттығып жатырмын. Оливес мықты қарсылас екенін білем, ол алға ғана жүріп, тамаша жекпе-жек көрсетеді. Staples Center аренасында жұдырықтасу арманым орындалды, Лос-Анджелесте барлық жанкүйеріме керемет шоу тамашалатқым келеді. Бәріне қазақша стильдің қандай екенін көрсетемін", - деп келтіреді Әлімханұлының сөзін Top Rank/ESPN баспасөз хабарламасы.

Өзінің Instagram желісінде қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жекте жеңіске жету мен карьерасында алғашқы екі белбеудің иесі болу үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.

"Әлемге қазақ бокс стилін көрсету жолында аянып қалмаймын. Екі қолда екі белбеу, иықта көк ту жамылған қуанышты сәтті бірге тойлауды жазсын!", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Біз командамызбен әлем чемпионы белбеуіне жақындатар қадам жасадық. Бұйыртса, 12 сәуір күні бар өнерімізді көрсетіп, кәсіпқой бокс мансабымдағы алғашқы екі бірдей белбеуді жеңуге бар күшімді саламын. Әлемге Қазақ бокс стилін көрсету жолында аянып қалмаймын. Жанкүйерліктеріңізге көп рақмет. Екі қолда екі белбеу, иықта көк ту жамылған қуанышты сәтті бірге тойлауды жазсын! © @janibek_alimkhanuly

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly_team)

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBA (Super) және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы  Василий Ломаченко мен ұлыбританиялық Энтони Кролла жұдырықтасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети