26 тамыз 2018 11:19

Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын екі минутта нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бобиржан Моминов © ВКонтакте Бобиржан Моминов © ВКонтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобиржан Моминов (8-0, 7 КО) АҚШ-та өткен сегіз раундтық форматтағы дебюттық жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлады Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобиржан Моминов (8-0, 7 КО) АҚШ-та өткен сегіз раундтық форматтағы дебюттық жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстанның жартылай орташа салмақ дәрежесі бойынша 26 жастағы боксшысының америкалық 37 жастағы Брайан Тиммонспен өткізген кездесуі бірінші раундта аяқталды. Уақытынан бұрын жеңіске жету үшін Моминовқа екі минут жеткілікті болды.

Бұған дейін Моминов төрт раундтық екі және алты раундтық бес жекпе-жек өткізген. Оның келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтеді. Ол титулдық болады - WBC Asian Pacific. Қарсылас әзірше белгісіз.

Моминов Альварес пен Головкиннің бірінші жекпе-жегі алдында мексикалық "Канелоның" жаттықтыру лагеріне қатысқаннан кейін таныла бастады. Головкин мен Альварестің рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді, осыдан бір жыл бұрын олар өзара мықтыны анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети