Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов үздік боксшылардың рейтингінде жоғарылады

09 Қараша 2015, 09:59
0
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов үздік боксшылардың рейтингінде жоғарылады - © Рикки Хаттон
© Рикки Хаттон

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов венесуэлалық Йонфрес Парехоны жеңгеннен кейін жеңілірек салмақтағы үздік боксшылардың рейтингінде екі орынға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Boxrec.com нұсқасы бойынша, Жақиянов 43-ші орыннан 41-ге түсті (73 ұпай). Йонфрез Парехо (72 ұпай) үш орынға төмендеп, қазақстандық боксшыдан кейінгі 42-ші орынды алды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) аса жеңіл салмақта WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехоны (17-1-1, 8 КО) ұпай айырмасымен жеңген болатын. Монте-карлода өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жанат Жақияновтың жекпе-жегін KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Осылайша, қазақстандық боксшы WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тартып ала алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай