09 желтоқсан 2017 13:26

Қазақстандық боксшы "Супермен" лақап атымен танылған мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко (3-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко (3-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Дычко АҚШ-тың Флорида штатында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Қазақстандық боксшының қарсыласы мексикалық Карлос Сандовал (10-15-1, 6 КО) "Супермен" деген лақап атпен танымал екен. Жекпе-жек алты раундқа есептелгенімен қазақстандық боксшы қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа түсірді. 

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі жартылай ауыр салмақта WBC чемпионы болған канадалық Жан Паскаль (31-5-1, 18 КО) мен 27 жастағы мысырлық Ахмед Елбиали (16-0, 13 КО) арасында болғанын айта кетейік.

Еске салайық, 27 жастағы Дычко кәсіпқой боксқа биыл өтіп, алдыңғы екі жекпе-жегін де уақытынан бұрын аяқтаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети