08 наурыз 2020 17:23

Қазақстандық екі боксшы Олимпиадаға жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшылар Абылайхан Жүсіп пен Бекзат Нұрдәулетов 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды, - деп хабарлайды Olympic.kz


Қазақстандық боксшылар Абылайхан Жүсіп пен Бекзат Нұрдәулетов 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды, - деп хабарлайды Olympic.kz

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде 69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан ширек финалда таиландтық Вуттичай Массукпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.  Кездесуді жоғары деңгейде әрі өте сауатты өткізген Абылайхан бес раунд бойы қарсыласқа дес берген жоқ. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан Жүсіповты жеңімпаз деп таныды. 

Осылайша Абылайхан бокстан Токио Олимпиадасының жолдамасына иелік еттік. Бұл салмақта алғашқы алтылыққа енген боксшыларға лицензия бұйырады. Енді жартылай финалда Абылайхан үндістандық боксшымен кездеседі. 

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекзад ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевпен кездескен болатын. Кездесу өте тартысты өтті. Тіпті, соңғы раунд басында Бекзадтың қабағын жарып алғаны жекпе-жекті одан әрі шиеленістіре түскен еді. Кездесу қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Бес төрешінің бесеуі де жекпе-жекте Нұрдәулетовтің мықты болғанын растады. 

Осылайша, бокстан Қазақстан қоржынына екінші жолдама түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети